1 күн бұрын
Футболдан бірінші лига ойындары 9 сәуірде басталады

Фото: ҚФФ
Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 9 сәуір күні басталады.
Доп додасында 14 команда бақ сынайды. Алғашқы тур ойындары 9-10 сәуір күндеріне белгіленген.
Бірінші турдың ойын кестесі:
«Оңтүстік Академия» (Шымкент) – «Алтай» (Өскемен)
«Тараз» (Жамбыл) – «Жетісай» (Түркістан облысы)
«Каспий» (Ақтау) – AKAS (Алматы)
«Түркістан» (Түркістан) – «Шахтер» (Қарағанды)
«SD Family» (Астана) – «Қайрат Жастар» (Алматы)
«Хан тәңірі» (Алматы) – «Ақтөбе Жастар» (Ақтөбе)
«Ертіс» (Павлодар) – «Екібастұз» (Павлодар облысы)
