1 күн бұрын

 Асхат Сейсембек: «Ордабасының» қазіргі нәтижесі қуантып отырған жоқ

 Асхат Сейсембек: «Ордабасының» қазіргі нәтижесі қуантып отырған жоқ

Фото: KazFootball.kz.

 «Ордабасы» президенті Асхат Сейсембек команданың биылғы доп додасын сәтсіз бастауы жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасында пікірін білдірді.

- Нәтижелер бізді қуантып отырған жоқ. Бірақ бұны дұрыстай аламыз, оған күмән жоқ. Қазіргі турнирлік жағдайды анықтап отырған көп фактор бар, соның ішінде толықтай жаңартылған команда мен күнтізбе.

Жаңа командамен бірге, біз тек 9 айдан аз уақыт бұрын жаңа клуб құруға кірістік. Саналы түрде біз кең таралған жеңіл жолды таңдаған жоқпыз, керісінше маусымның қақ ортасында ішкі және сыртқы реформаларын жүргізе бастадық, дәлірек айтсақ, «хирургиялық араласу» қажет екенің түсіндік, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ командада болып жатқан соңғы өзгерістерге тоқталды. 

- Нақты айтқанда, біз:

1. Қаржылық жүктемені төмендеттік;

2. Бюджетті оңтайландырдық;

3. Бас команданың жалақысын қысқарттық;

4. Академияның рөлін күшейттік;

5. Жергілікті ойыншылар санын арттырдық;

6. Материалдық-техникалық базаны дамыттуға бар күшімізді салдық;

7. Директорлар кеңесінің көмегімен қоғамдық бақылауды күшейттік.

Өзгерістер әрдайым оңай емес. Спорт саласында олар бірден нәтижеге тікелей әсер етеді. Дегенмен, біз осы жылы Еурокубоктарда ойнаймыз және чемпионатта ең жоғары орындар үшін күресетін боламыз. Қазір тек қана 3 тур өтті, оның 2-еуі өткен жылдың жүлдегерлерімен, - деді ол.

Қарағандыда «Hokei Meiramy 2025» мерекесі өтеді

Футбол 2 сағат бұрын

Қарағандыда «Hokei Meiramy 2025» мерекесі өтеді

ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Басқа 4 сағат бұрын

ISU рейтингі жаңарды: Михаил Шайдоров үздік үштіктің қатарында

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстандық футболшы ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Футбол 5 сағат бұрын

«Астана» – «Ордабасы» арасындағы матчтың басталу уақыты өзгерді

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Бокс 5 сағат бұрын

Top Rank Жәнібек Әлімханұлын туған күнімен құттықтады

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді

Бокс 5 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының қатысуымен баспасөз жиыны өтеді