1 күн бұрын
EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы Латвиядан жеңілді

Фото: ҚФФ
Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде алғашқы ойынын өткізді.
Ел құрамасы В лигасының 3-тобында Косово, Латвия мен Мальта құрамаларымен ойнайды.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді. Біздің құрамадан Адина Бейбіт гол соқты.
Енді олар 4 сәуірде Косовомен кездессе, 7 сәуірде Мальтамен шеберлік байқасады.
Әрбір топта бірінші орын алған құрамалар алдағы маусымда А лигасында бақ сынайды. Сондай-ақ олар Польшада өтетін финалдық кезеңге қатысады.
Қазақстандық футболшылар бірінші іріктеу кезеңінде Румыния мен Латвиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, Лихтенштейннен 7:0 есебімен басым түсті.
