7 күн бұрын

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы екінші ойында жеңілді

EURO-2025: Қазақстан қыздар құрамасы екінші ойында жеңілді

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан 19 жасқа дейін қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде екінші ойынын Косовоға қарсы өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық Жансезім Айсапар есеп ашқан еді. Дегенмен ел құрамасы екінші таймда жауапсыз екі гол өткізіп алды. Ойынның 89-минутында қорғаушы Карина Ботабек екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.

Осылайша қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберіп, екінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Айта кетсек, бұдан бұрын олар Латвияға 1:3 есебімен ұтылып қалды. Біздің құрамадан Адина Бейбіт гол соқты.

Енді олар 7 сәуірде Мальтамен шеберлік байқасады.

Әрбір топта бірінші орын алған құрамалар алдағы маусымда А лигасында бақ сынайды. Сондай-ақ Польшада өтетін финалдық кезеңге қатысуға ммүмкіндік алады.

Қазақстандық футболшылар бірінші іріктеу кезеңінде Румыния мен Латвиямен 0:0 есебімен тең ойнаса, Лихтенштейннен 7:0 есебімен басым түсті.


 

Лола Әділбекова: Эльжана Таниева кеткеннен бері көркем гимнастикада нақты көшбасшы жоқ

Басқа 6 сағат бұрын

Лола Әділбекова: Эльжана Таниева кеткеннен бері көркем гимнастикада нақты көшбасшы жоқ

Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты 

Басқа 6 сағат бұрын

Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты 

Өзбекстанда жанкүйер стадионда көлікпен адамдарды басып кетпек болды

Футбол 7 сағат бұрын

Өзбекстанда жанкүйер стадионда көлікпен адамдарды басып кетпек болды

DAZN ресми сайты Альварес пен Әлімханұлының арасындағы жекпе-жек қашан өтетіндігін жариялады

Бокс 8 сағат бұрын

DAZN ресми сайты Альварес пен Әлімханұлының арасындағы жекпе-жек қашан өтетіндігін жариялады

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» командасы көш бастады

Футбол 9 сағат бұрын

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» командасы көш бастады

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға есе жіберді

Хоккей 11 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға есе жіберді