7 күн бұрын
Ресми: Кевин де Брюйне «Манчестер Ситиден» кетеді

Фото: dzen.ru
33 жастағы бельгиялық футболшы әлеуметтік желідегі парақшасында маусым соңында клубпен қош айтысатынын хабарлады.
Кевин де Брюйне 1991 жылы 28 маусымда дүниеге келген. Өзінің мансабында бельгиялық «Генк», англиялық «Челси», германиялық «Вердер», «Вольфсбург» клубтарында доп тепті.
2015 жылдан бері «Манчестер Сити» сапында ойын көрсетіп келеді. Қазірге дейін 277 кездесуде 70 голдың авторы атанды.
Сондай-ақ ол Бельгия құрамасы сапында 107 кездесуде 30 голдың авторы атанды.
