7 күн бұрын

Футболдан әйелдер лигасына қандай талап қойылады?

Футболдан әйелдер лигасына қандай талап қойылады?

Фото: Қазақстан Премьер-лигасы

14 сәуір күні футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы басталады. Биыл екінші мәрте өткелі жатқан әйелдер арасындағы бәсекеге бірқатар өзгеріс енгізілді.

Бұл жөнінде Қазақстан Премьер-лигасы сайты мәлім етті. 

Атап айтқанда, 2025 жылғы маусымның басты ерекшелігі – ел чемпионатында өнер көрсететін ерлер клубтарының әйелдер құрамалары да толыққанды қатысады. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген болатын. Яғни, былтырғы біріншілікке «БИІК-Шымкент», «Ордабасы», «Ақтөбе», «Оқжетпес» және «Томирис-Тұран» клубтары қатысты.

Ал биыл турнирде 14 команда бақ сынайды. Олар: «Атырау» (Атырау), «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» (Астана), «Елімай» (Семей), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Ұлытау» (Ұлытау), «Қайрат» (Алматы), «Томирис-Тұран» (Түркістан), «Оқжетпес» (Көкшетау), «БИІК» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) және «Жеңіс» (Астана).

Сондай-ақ биылғы маусымдағы тағы бір маңызды өзгеріс – әр команда құрамында кемінде 13 отандық футбол мектебінің түлегі болуға тиіс. Әйелдер арасындағы чемпионаттың 2025 жылғы маусымына 2009 жылы және одан ерте туған футболшы қыздар ғана қатыса алады. Ал ең жоғарғы жас шегі – 41 жас. Яғни, 41 жастан асқан футболшылар біріншілікке жіберілмейді.

Лола Әділбекова: Эльжана Таниева кеткеннен бері көркем гимнастикада нақты көшбасшы жоқ

Басқа 6 сағат бұрын

Лола Әділбекова: Эльжана Таниева кеткеннен бері көркем гимнастикада нақты көшбасшы жоқ

Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты 

Басқа 6 сағат бұрын

Әлем кубогы: 3 гимнастымыз финалға шықты 

Өзбекстанда жанкүйер стадионда көлікпен адамдарды басып кетпек болды

Футбол 7 сағат бұрын

Өзбекстанда жанкүйер стадионда көлікпен адамдарды басып кетпек болды

DAZN ресми сайты Альварес пен Әлімханұлының арасындағы жекпе-жек қашан өтетіндігін жариялады

Бокс 7 сағат бұрын

DAZN ресми сайты Альварес пен Әлімханұлының арасындағы жекпе-жек қашан өтетіндігін жариялады

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» командасы көш бастады

Футбол 8 сағат бұрын

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» командасы көш бастады

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға есе жіберді

Хоккей 10 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Италияға есе жіберді