5 күн бұрын
Франция чемпионаты: ПСЖ мезгілінен бұрын чемпион атанды

Фото: ПСЖ ФК
Футболдан 2024/25 жылғы маусымдағы Франция чемпионатының жеңімпазы анықталды.
ПСЖ Бірінші лиганың 26-туры аясында «Анжені» 1:0 есебімен жеңіп, чемпионаттың аяқталуына 6 матч қалғанда бар мәселені шешіп тастады.
Бұл париждік клубтың ішкі біріншіліктегі 13-ші чемпиондығы. «Қызыл-көктер» осыған дейін 1985/86, 1993/94, 2012/13, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22, 2022/23, 2023/24 жылғы маусымдарда топ жарған.
Айта кетейік, Луис Энрике шәкірттері Бірінші лиганың осы маусымында 28 ойында 74 ұпай жинады.
