06.04.2025
Дастан Сәтпаевтың қос голы «Қайратқа» жеңіс әперді

Негізгі оқиғалардың барлығы ойынның екінші таймында өрбіді. Алдымен Қазақстан Премьер-лигасының ең жас футболшысы Дастан Сәтпаевтың алыстан бағыттаған соққысы рикошетпен голға ұласты. Ал төрт минуттан соң ол қақпашымен бірге-бір шығып, есепті еселеді. Атыраулықтар тез арада айырмашылықты қысқартты – Цветелин Чунчуков гол соқт. Алайда алаң иелерінің одан әріге шамасы жетпеді.Сәтпаев тағы бір нәтижелі пас беріп, Юго Станоевтың гол соғуына жағдай жасаса, Жоржиньо кездесудің нүктесін қойды – 1:4.
Енді «Қайраттың» 10 ұпайы бар, олар бірінші орынды «Астанамен» бөлісіп тұр. Ал «Атырау» 3 ұпаймен 10-орынға тұрақтады.
«Атырау» — «Қайрат» 1:4 (0:0)
Голдар: Сәтпаев 51 (0:1), Сәтпаев 54 (0:2), Чунчуков 57 (1:2), Станоев 71 (1:3), Жоржиньо 79 (1:4)
Қызыл қағаз: Чадунели 90-минутта.
