2 күн бұрын
«Елімай» «Ұлытаудан» ойсырата жеңді

Фото: ҚФФ
Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші туры мәресіне жетті.
Аталған турды семейлік «Елімай» мен жезқазғандық «Ұлытау» командалары түйіндеді.
Кездесу барысында семейлік клуб ойын тізгінін бірден қолға алуға тырысты. Дегенмен оған ұлытаулық команда тойтарыс берді. Десе де 44-минутта «Елімай» сапынан Фессу Плакка мергендігімен көзге түсті.
Екінші кезеңде олардың қатарынан Фейсала Мулич 74, Әділбек Жұмаханов 93-минутта басымдықты арттыра тұсті. Осылайша семейлік клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.
Аталған жеғістен кейін «Елімай» жеті ұпаймен бесінші орынға көтерілсе, «Ұлытау» небәрі екі ұпаймен көш соңында қалып қойды.
Аталған турда 5 сәуірде «Астана» «Ордабасыны» 2:1, «Тұран» «Қызылжарды» 3:2, «Тобыл» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, талдықорғандық «Жетісу» мен астаналық «Жеңіс» 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Бүгін «Қайрат» «Атырауды», «Ақтөбе» «Қайсарды» 4:1 есебімен тізе бүктірді.
