3 күн бұрын
Павлодар облысында стадионнан ер адамның жансыз денесі табылды

Фото: Павлодар облысы ТЖД
Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы мектеп стадионынан ер адамның жансыз денесі табылды, деп хабарлайды Sport12kz.
Адам мүрдесі қала орталығындағы №13 орта мектептің стадионынан табылған. Адамның денесінде зорлық-зомбылық белгісі байқалған жоқ. Мәселенің мән-жайы анықталуда. Тергеп-тексеру нәтижесімен өлімнің себебі нақтыланады, деп мәлім етті Павлодар облыстық полиция департаментінен.
