3 күн бұрын
Өзбекстан футболшысы Италия чемпионатында гол салды

«Романың» өзбекстандық шабуылшысы Эльдор Шомуродов Италия чемпионатының 31-ші турында «Ювентусқа» қарсы ойында гол соқты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шомуродов үзілістен кейін алаңға шығып, 49-шы минутта гол соқты.
Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. 40-минутта туриндік клуб Мануэль Локателли соққан голдың арқасында есепте алға шыққан еді.
Өзбекстан құрамасының шабуылшысы осы уақытқа дейін 30 матч өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
