8 сағат бұрын
Дидар Сыдықбек: «Атырау» Магомед Адиевпен келіссөз жүргізілуде

Фото: ҚФФ
«Атырау» Магомед Адиевпен келіссөз жүргізуде. Бұл туралы клубтың бас менеджері Дидар Сыдықбек хабарлады.
Олар осы маусымдағы ҚПЛ-де төрт ойында бір рет жеңіске жетіп, үш рет жеңіліс тапты.
Магомед Адиев 2022 жылдан бері Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Содан бері 22 ойынның 11-де жеңіске жетіп, 1-де тең ойнаса, қалғанында қарсыластарға есе жіберді.
Екі жылдан бері еліміздің ұлттық құрамасы көптеген халықаралық жарыста жоғары нәтижесімен көзге түсті.
2022/2023 жылдарда Ұлттар лигасында С дивизионында өз тобында бірінші орын алып, биыл В дивизионында сынға түсуге мүмкіндік алды.
Сондай-ақ, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпай жинап, өз тобында үшінші орын алды. Бұл - құрама тарихындағы үздік көрсеткіш.
Магомед Адиев 1994-2009 жылдар аралығында ресейлік және қазақстандық клубтардың намысын қорғады. 2010 жылдан бері бапкерлікке бет бұрып, ресейлік және еліміздің «Шахтер» клубында жетекшілік етті.
