7 сағат бұрын
Дастан Сәтпаевтың дублі, соңғы минуттағы жеңіс голы: ел чемпионатының 4-туры қалай өтті?

2024 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 4-тур ойындары 6-7 сәуір күндері өтті.
Тур қорытындылары:
– Барлығы 7 матч ойналып, 22 гол соғылды.
– Төрешілер 30 сары қағаз көрсетіп, 2 футболшыны алаңнан қуды.
– Матчтарды жалпы 24 432 жанкүйер стадионнан тамашалады.
– Ең көп көрермен «Астана» – «Ордабасы» ойынына жиналды – 10 052 адам.
– «Ордабасы» маусымдағы алғашқы голын соғу үшін, 43 соққы жұмсады.
– «Қызылжар» мен «Тұран» кездесуінде негізгі құрамда тек 6 отандық ойыншы болды.
– Жалпы 212 футболшы алаңға шықса, соның 114-і – отандық (72-сі негізгі құрамда доп тепті).
– 3 футболшы Премьер-лигада алғашқы ойынын өткізді.
– «Жеңіс» клубы қатарынан 4 матчта тең нәтиже тіркеді (2024 жылғы маусымда елордалықтар 24 кездесудің тек 6 матчында ғана тең тарқасқан еді).
– «Тобыл» мен «Тұран» сырт алаңда қосымша минуттарда жеңіс голын соқты.
– «Атырау» клубы кейінгі 2 турда 8 гол өткзіп алды. Бұл ұжым былтыр ең аз гол жіберген ТОП-3 клубтың (20 гол) қатарына кіріп еді.
– «Тобыл» соңғы 10 матчта да «Оқжетпесті» ұтып келеді.
Қай мемлекеттің өкілдері гол соқты?
Қазақстан - 9
Сербия - 2
Ресей - 2
Кот-д’Ивуар - 2
Гвинея - 2
Того - 1
Болгария - 1
Португалия - 1
Беларусь - 1
Өзбекстан - 1
Матч нәтижелері:
- «Оқжетпес» – «Тобыл» – 0:1
- «Жетісу» – «Жеңіс» – 0:0
- «Қызылжар» – «Тұран» – 2:3
- «Астана» – «Ордабасы» – 2:1
- «Атырау» – «Қайрат» – 1:4 (16-тур)
- «Ақтөбе» – «Қайсар» – 4:1
- «Елімай» – «Ұлытау» – 3:0
