8 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының даму жоспарымен танысты

Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының даму жоспарымен танысты

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының басшылығымен және командасымен кездесті Кездесуге Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры және Лиганың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов та қатысты, деп хабарлайды Sport12.kz

Лиганың президенті Рохус Шох сөз сөйлеп, одан кейін қонақтар QJ League-ның екі жылдық қызметіндегі негізгі жетістіктері мен болашаққа арналған жоспарлары туралы бейнероликпен танысты.

Блок жетекшілері өз сөздерінде командаларының атқарып жатқан жұмысы туралы айтып, спорттық-аналитика және медиа-маркетинг салаларындағы қызықты жобалар мен тәжірибелерімен бөлісті.

Атап айтқанда, жасөспірімдер футболындағы жаттығу процесін айтарлықтай жақсартуға көмектесетін инновациялық цифрлық платформа – FF Manager таныстырылды. Бұған дейін академия мамандары үшін оқу-жаттығу жұмыстарын тиімді және ыңғайлы жоспарлауға арналған құралдар қолжетімді болмаған еді. Енді мұндай мүмкіндік бар – бұл платформа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Рохус Шох Freedom QJ League жобасы Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен шыққан жас қазақстандық мамандардың қатысуымен жүзеге асып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде қызметкерлер Лигада жұмыс істеу тәжірибесі туралы баяндап, бұл жобаның олар үшін әлеуметтік лифтке айналып, өз әлеуеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік бергенін айтты.

«Соңғы екі жылда министрлік тарапынан біздің жобаға көрсетіліп жатқан қолдауды біз жақсы сезінеміз және бұл қолдауды жастардың өз көздерімен көруі өте маңызды. Біз шын мәнінде мықты футбол жүйесін құрып, Лиганы одан әрі кеңейте аламыз деп сенемін», – деді Тимур Турлов.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту - басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Бүгін QJ League жобасының жұмыс барысымен таныстым. Жоба қазіргі таңда балалар футболына жан-жақты зерттеу жүргізіп, барлық қажетті жағдай жасаған. QJ League қазіргі уақытта тек жарыстарды өткізіп қана қоймай, сонымен қатар дайындық әдістемелері, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, оларды оқыту, ғылымды футболда қолдану, сондай-ақ ойындарға сараптама жасайтын арнайы камераларды тиімді пайдалану арқылы балалар футболының дамуына үлкен ықпал етіп отыр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында кәсіби клубтарды мемлекет қаржысына емес, демеушілердің қаражаты және олардың қолдауы есебінен дамыту қажеттігін атап өткен болатын. Ал мемлекет тарапынан бөлінетін қаражат тек балалар футболын дамытуға бағытталуға тиіс», – деді министр. 

Кездесу соңында Ербол Қуантайұлына Лиганың дебюттік маусымындағы медальдердің толық жиынтығы мен фирмалық атрибутикадан тұратын естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзияда сәтті ойын көрсетті

Футбол 6 сағат бұрын

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзияда сәтті ойын көрсетті

«Арлан» Қазақстан чемпионаты финалдық кезеңін сәтті бастады

Хоккей 6 сағат бұрын

«Арлан» Қазақстан чемпионаты финалдық кезеңін сәтті бастады

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританиядан жеңілді

Хоккей 7 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританиядан жеңілді

Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының даму жоспарымен танысты

Футбол 8 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының даму жоспарымен танысты

Мадридте өткен жартылай марафонда екі спортшының жүрегі тоқтап қалды

Басқа 9 сағат бұрын

Мадридте өткен жартылай марафонда екі спортшының жүрегі тоқтап қалды

Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ алдындағы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

Хоккей 10 сағат бұрын

Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ алдындағы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты