5 сағат бұрын

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзияда сәтті ойын көрсетті

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзияда сәтті ойын көрсетті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Кучингте (Малайзия) 14 жасқа дейінгілер арасында жасөспірімдер әлем чемпионаты – World Junior Tennis Competition 14&Under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті.

Бұл жөнінде Қазақстан теннис федерациясы мәлім етті.

Қазақстан құрамасы топтық бәсекеден сенімді өтіп, ширек финалда Корея Республикасы командасымен кездесті. Матч тартысты өтіп, қыздарымыз 1:2 есебімен жеңіліс тауып, өкінішке қарай, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне өте алмады. 

Дегенмен команда 5-8 орындар үшін ойындарда нағыз күрескерлік рухты көрсете білді. Әсіресе, 5-орын үшін кездесуде турнирдің мықты құрамаларының бірі – Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Бұл қазақстандықтардың бір апта ішінде Аустралиямен матчтағы екінші жеңісі еді. Бұдан бұрын біздің спортшыларымыз топтық кезеңде де мықтылық танытқан еді. Мұндай нәтиже – Аустралия теннисінің деңгейін ескерсек, үлкен нәтиже. 

Құрамында Ясмин Дүйсембаева, Тәмина Сәкен, Мәриям Нұржан бар Қазақстан құрамасы (капитаны Марат Шәріпов) бізде талантты да еңбекқор ұрпақ өсіп келе жатқанын тағы да дәлелдеді. Қыздар тек шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, кортта күш-қайратын да таныта білді. 

Осы табыс үшін бапкерлерге, ата-аналарға және барлық командаға рахмет. Бұл жолы финалдық кезеңге бір қадам жетпей қалды, дегенмен Кучингте алынған тәжірибе болашақ жеңістер үшін міндетті түрде берік негіз болатыны анық.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзияда сәтті ойын көрсетті

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Малайзияда сәтті ойын көрсетті

«Арлан» Қазақстан чемпионаты финалдық кезеңін сәтті бастады

Хоккей 5 сағат бұрын

«Арлан» Қазақстан чемпионаты финалдық кезеңін сәтті бастады

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританиядан жеңілді

Хоккей 6 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлыбританиядан жеңілді

Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының даму жоспарымен танысты

Футбол 7 сағат бұрын

Ербол Мырзабосынов Freedom QJ League жобасының даму жоспарымен танысты

Мадридте өткен жартылай марафонда екі спортшының жүрегі тоқтап қалды

Басқа 9 сағат бұрын

Мадридте өткен жартылай марафонда екі спортшының жүрегі тоқтап қалды

Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ алдындағы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты

Хоккей 9 сағат бұрын

Қазақстан әйелдер құрамасы ӘЧ алдындағы жолдастық кездесуде жеңіліс тапты