08.04.2025

Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Армениямен кездеседі

Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін Армениямен кездеседі

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгі UEFA Ұлттар лигасы төртінші турында өз алаңында Арменияны қабылдайды.

Ойын «Астана Арена» стадионында өткізіледі. Кездесу қазақстандық уақытпен 18:00-де басталып, «QazSport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Ел құрамасы С дивизионы үшінші тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Армения, Люксембург және Лихтенштейн. 

Алғашқы екі ойында қазақстандық футболшылар Арменияға 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін Люксембургпен 2:2 есебімен тең түсті. 

Ал үшінші турда Лихтенштейнді 4:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір турнир кестесінде ел құрамасы төрт ұпаймен үшінші орында тұр. Алғашқы екі орындағы Люксембургтің - 7, Арменияның - 6 ұпайы бар. Төртінші орындағы Лихтенштейннің әзірге қоржыны бос.

Соңғы екі кездесуде қазақстандық футболшылар 30 мамырда өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, одан кейін 3 маусымда Люксембургпен кездеседі. 

Бұл топтан алғашқы екі орынға тұрақтаған құрамалар жарыстың келесі сатысына жолдама алады. Онда В дивизионына жолдама сарапқа салынады.


 


Әлем кубогы: Қазақстандық төрт гимнаст финалға шықты

Басқа

Әлем кубогы: Қазақстандық төрт гимнаст финалға шықты

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Футбол 36 минут бұрын

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Коротков турнирі: Бүгін кімдер жұдырықтасады?

Бокс 38 минут бұрын

Коротков турнирі: Бүгін кімдер жұдырықтасады?

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

Футбол 1 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

 Эдуард Ким әлем кубогында қола жүлде алды

Басқа 8 сағат бұрын

 Эдуард Ким әлем кубогында қола жүлде алды

Әли Әлиев- Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері

Футбол 8 сағат бұрын

Әли Әлиев- Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкері