08.04.2025
Милич Чурчич «Қызылжар» командасы бас бапкері болуы мүмкін

Фото: m.sports.ru
Сербиялық Милич Чурчич Петропавлдың «Қызылжар» командасы бас бапкері қызметіне тағайындалуға жақын.
Биыл петропавлдық команда тізгінін беларусьтік Александр Бразевич қолға ұстады. Оған дейін аталған қызметті қазақстандық Али Алиев атқарды.
Қазақстанда Чурчич «Тобыл» командасындағы қызметімен танымал. Онда ол аталған ұжымен бірге Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды. 2024 жылдың басында сербиялық маман командадан кетті.
