08.04.2025
Еуропа үздіктерімен бір қатарда: Дастан Сәтпаевтың өткен аптадағы ойыны жоғары бағаланды

Фото: «Қайрат» ФК
Еуропалық Rising Stars XI басылымы өткен аптада өзін жақсы қырынан көрсеткен 23 жасқа дейінгі футболшылардан құралған үздік құрамды жариялады.
Аталған 11 ойыншының қатарына алматылық «Қайрат» футбол клубының 16 жастағы шабуылшысы, қазақстандық Дастан Сәтпаев та енді.
Қақпашы:
- Тьяго Кардозу (19 жас) — «Боруссия Мёнхенгладбах» (Германия)
Қорғаушылар:
- Тино Ливраменто (22 жас) — «Ньюкасл» (Англия)
- Леопольд Куэрфельд (21 жас) — «Унион Берлин» (Германия)
- Жума Ба (18 жас) — «Ланс» (Франция)
- Закария Эль Уахди (23 жас) — «Генк» (Бельгия)
Жартылай қорғаушылар:
- Гави (20 жас) — «Барселона» (Испания)
- Пабло Барриос (21 жас) — «Атлетико Мадрид» (Испания)
- Ассане Диао (19 жас) — «Комо» (Италия)
- Райан Черки (21 жас) — «Лион» (Франция)
- Оливер Антман (23 жас) — «Го Эхед Иглс» (Нидерланд)
Шабуылшы:
- Дастан Сәтпаев (16 жас) — «Қайрат» (Қазақстан)
Аптаның үздік ойыншысы:
- Тьяго Кардозу (19 жас) — «Боруссия Мёнхенгладбах» (Германия)
Еске салайық, ҚПЛ 16-туры аясында өткен матчта Дастан Сәтпаев «Атырау» командасының қақпасына екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген болатын.
