09.04.2025

Магомед Адиев екі футбол клубымен келіссөз жүргізіп жатыр

Магомед Адиев екі футбол клубымен келіссөз жүргізіп жатыр

Ресейлік танымал инсайдер Иван Карпов футбол бапкері Магомед Адиевтің ресейлік клубтардың біріне, атап айтқанда «Пари НН» командасына баруы мүмкін екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубын жаттықтырғаннан кейін Адиев біршама уақыт жұмыссыз жүрді. Жуырда ҚФФ президентінің кеңесшісі, журналист Нұрсұлтан Құрман оның Қазақстанға оралатынын айтқан. Тіпті, «Атырау» клубына бас бапкер болатыны да белгілі болды.

«Адиев «Пари НН» клубын жаттықтыруы мүмкін (егер Гончаренко отставкаға кетсе және қазақстандық клубпен келісімге келе алмаса). 47 жастағы маман «Атыраумен» де келіссөздер жүргізіп жатыр.
Егер «Пари НН» 12 сәуірде «Динамодан» жеңілсе, Гончаренко отставкаға кететіні анық. Ал, оның орнына Адиев тағайындалады. Дегенмен, Қазақстанның мұнайлы қаласы Магомед Мусаевичті алу үшін барын салуда», - деп жазды Иван Карпов.

Айта кетейік, «Атырау» да, «Пари НН» де өз елінің чемпионатында аутсайдер ролінде келеді. Атыраулықтар төрт ойынның бірінде жеңіп, үшеуінде жеңілген. Турнир кестесінің 10-сатысында келеді. «Пари НН» болса 16 клуб ішінде 14-орында тұр.

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын сұлатып түсірді

Бокс

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын сұлатып түсірді

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері анықталды

Футбол

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері анықталды

Семсерлесуден Гран-при турнирінде кімдер сынға түседі?

Басқа

Семсерлесуден Гран-при турнирінде кімдер сынға түседі?

Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын қабылдайды

Басқа 2 сағат бұрын

Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын қабылдайды

Софья Берульцева: Қазақ тілін үйрену үшін қосымша репетиторға бардым

Басқа 2 сағат бұрын

Софья Берульцева: Қазақ тілін үйрену үшін қосымша репетиторға бардым

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» пен «Каспий» көш бастады

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» пен «Каспий» көш бастады