09.04.2025
Карло Анчелотти: Жартылай финалға өту мүмкіндігі өте аз

Мадридтық «Реал» клубының бас бапкері Карло Анчелотти Лондондық «Арсеналға» қарсы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матчта (0:3) шәкірттерінің жеңілісіне қатысты пікірін білдірді.
«Мүмкіндік өте аз. Бірақ біз тырысуымыз керек. Нашар ойынға жауап беруіміз қажет. Қолымыздан келе ме, көрейік. Бүгінгі кештен кейін үміт жоқ сияқты көрінеді. Алайда футболда бәрі болуы мүмкін», — дейді Анчелоттидің сөзін Marca басылымы келтіреді.
Жауапты ойын 16 сәуір күні Мадридте өтеді.
1/8 финал кезеңінде мадридтік «Реал» «Атлетиконы» жеңіп шықты. Екі ойынның қорытындысы бойынша жалпы есеп — 2:2, пенальтиде — 4:2. Ал «Арсенал» бұл кезеңде Нидерландтық ПСВ командасын жарыстан шығарды — қос матчтың нәтижесі бойынша 9:3.
