09.04.2025

Алдағы Чемпиондар лигасына Англиядан бес клуб қатысады

Алдағы Чемпиондар лигасына Англиядан бес клуб қатысады

Фото: B/R Football

Чемпиондар лигасының келесі маусымында АПЛ намысын кемі бес клуб қорғайды.

Кешегі «Арсеналдың» «Реал Мадридке» қарсы (3:0) жеңісінен кейін АПЛ-дің рейтингте ұпайы артып, ресми түрде Чемпиондар лигасының келесі маусымына бес клубы қатысатын болды.

Ал Германия клубтары бұл мүмкіндіктен қағылды. Енді қосымша бесінші жолдаманы Испания мен Италия ұжымдары сарапқа салады.

  1. Англия – 24.535 ұпай
  2. Испания – 21.678 ұпай
  3. Италия – 20.187 ұпай
  4. Германия – 17.921 ұпай
  5. Португалия – 16.250 ұпай

Теория жүзінде Англия қарт құрлықтың басты доп додасына жеті клуб жіберуі де мүмкін. Ол үшін «Астон Вилла» Чемпиондар лигасында топ жарып, «Тоттенхэм» Еуропа лигасын жеңіп алуы керек. Сонымен қатар, бұл екі клуб АПЛ-дегі маусым қорытындысы бойынша үздік бестікке енбеуі тиіс. Сонда ғана Англия атынан Чемпиондар лигасында жеті команда сынға түседі.

Еске салсақ, биылғы АПЛ маусымының турнир кестесіндегі алғашқы бес орынға «Ливерпуль», «Арсенал», «Ноттингем Форест», «Челси» және «Ньюкасл» клубтары жайғасқан.

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын сұлатып түсірді

Бокс

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын сұлатып түсірді

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері анықталды

Футбол

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері анықталды

Семсерлесуден Гран-при турнирінде кімдер сынға түседі?

Басқа

Семсерлесуден Гран-при турнирінде кімдер сынға түседі?

Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын қабылдайды

Басқа 2 сағат бұрын

Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын қабылдайды

Софья Берульцева: Қазақ тілін үйрену үшін қосымша репетиторға бардым

Басқа 2 сағат бұрын

Софья Берульцева: Қазақ тілін үйрену үшін қосымша репетиторға бардым

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» пен «Каспий» көш бастады

Футбол 3 сағат бұрын

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» пен «Каспий» көш бастады