09.04.2025
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Даму турниріне қатысады

Фото: Дамир Серік (ҚФФ)
Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының UEFA Даму турниріне қатысатын ойыншылар тізімі анықталды.
Халықаралық турнир Беларусь астанасы Минск қаласында 13-18 cәуір аарлығында өтеді. Қарсыластары - Қытай, Белрусь және Ресей.
Аға бапкер Бауыржан Сағындық төмендегі футболшыларға сенім артты.
Ойыншылар тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Әлихан Шайзада («Астана»), Богдан Воднев («Қайрат»);
Қорғаушылар: Нұрислам Әлихан («Ордабасы»), Андрей Беляев («Астана»), Әлихан Рамазанов, Мәди Мұқашев, Мансұр Авасханов (барлығы – «Қайрат»), Акбар Сәденов («Ақтөбе»), Данил Золкин («Шахтер»), Ерасыл Сәрсенбай («Джейран»);
Жартылай қорғаушылар: Алан Луканин («Жас Қыран»), Арда Ақжан («Ордабасы»), Ислам Рахым, Дамир Юсупбеков (екеуі – «Қайрат»), Ернұр Сайлауов («Ертіс»), Расул Әкімов («Шахтер»);
Шабуылшылар: Абылай Жылқайдар, Әділбек Турдах, Абдуллах Бегалы (барлығы – «Қайрат»), Жоламан Мағзұм («Каспий»), Александр Яковлев («Шахтер»), Амандық Хамидуллин («Астана»), Мадияр Есен («Ертіс»).
Қазақстандық футболшылар 13 сәуірде Беларусьпен кездессе, одан кейін 15 сәуірде Қытай, 18 сәуірде Ресеймен жасыл алаңға шығады.
