09.04.2025

Rising Stars XI басылымы: Дастан Сәтпаевтан да мықты

Rising Stars XI басылымы: Дастан Сәтпаевтан да мықты

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Танымал еуропалық Rising Stars XI басылымы 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дәулет Орынбасар жайлы арнайы жазба жариялап, оның әлеуетін жоғары бағалады.

Басылым ойыншыны тіпті «Челси» клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаевпен салыстырып, Орынбасардың нәтижелері одан асып түскенін атап өтті.

– Дәулет Орынбасар — QJ League тарихындағы ең көп гол және нәтижелі пас берген ойыншы. Ол 17 матчта 28 гол соғып, 14 ассист жасады. Ол бұл көрсеткіштерімен «Челси» клубымен келісімшартқа отырған Дастан Сәтпаевтың өзінен де озып кетті. Нағыз вундеркинд, – делінген жазбада.

Өткен маусымда Дәулет QJ League-ның 17 жасқа дейінгі санатында үздік ойыншы және сұрмерген атанды. «Қайраттың» болашағынан үміт күттіретін жас жұлдызы 17 матчта 28 гол, 14 нәтижелі пасымен дараланды.

Сонымен қатар, Дәулет 17 жасқа дейінгі ұлттық құрама сапында да еркін көсіліп ойнады. Беларусьте өткен «Даму кубогында» Иранға қарсы шешуші голды соғып, Ресеймен өткен кездесуде матчтың үздік ойыншысы атанды. Дәл осы ойыннан кейін, отандасымызға мәскеулік ЦСКА клубы қызығушылық танытты деген қауесет пайда болған еді.

Оның ұлттық құрамадағы жетістігі мұнымен шектелмейді. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Грузиямен өткен кездесуде екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ал Литвамен болған матчта тағы бір гол мен бір ассистің авторы атанды.

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын сұлатып түсірді

Бокс

Жолдас Жеңісов Гран-при турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын сұлатып түсірді

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері анықталды

Футбол

Чемпиондар лигасының осы аптадағы үздіктері анықталды

Семсерлесуден Гран-при турнирінде кімдер сынға түседі?

Басқа

Семсерлесуден Гран-при турнирінде кімдер сынға түседі?

Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын қабылдайды

Басқа 7 сағат бұрын

Қазақстан теннистен алғаш рет Virtus әлем чемпионатын қабылдайды

Софья Берульцева: Қазақ тілін үйрену үшін қосымша репетиторға бардым

Басқа 7 сағат бұрын

Софья Берульцева: Қазақ тілін үйрену үшін қосымша репетиторға бардым

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» пен «Каспий» көш бастады

Футбол 7 сағат бұрын

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» пен «Каспий» көш бастады