09.04.2025
«Қайрат» ойыншысы Әділет Садыбеков 285 күннен кейін футболға оралады

Фото: sports.kz
Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Әділет Садыбеков жасыл алаңға сәуір айының соңында келіп қосылады.
Ол 2024 жылдың шілде айында жарақат алып қалған еді. Футболшы 285 күннен кейін футболға қайта қосылуды көздеп отыр.
Әділет Садыбеков 2022 жылы 26 мамырында Ақтөбе қаласында дүниеге келген. «Қайрат» командасының академиясында тәлім алды.
2022 жылы 3 шілдеде алматылық клуб сапында оралдық «Ақжайық» командасына қарсы ойында жасыл алаңға шықты. Сол жылдың 25 қыркүйегінде ұлттық құрама сапында тұсаукесер ойынын өткізді.
