10.04.2025
Алыптармен айқас: Даму кубогындағы қарсыластарымыз кімдер?

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскте (Беларусь) қаласында өтетін УЕФА Даму турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды Sport12.kz
Қазақстан U17 құрамасы Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша УЕФА Даму турнирі өтетін Минск қаласына аттанады. Біздің команда Қытай, Ресей және Беларусь командаларымен ойнайды. Жарыс 13-18 сәуір күндері өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:
Қақпашылар: Никита Килджиев («Шахтер»), Әлихан Шайзада («Астана»), Богдан Воднев («Қайрат»);
Қорғаушылар: Нұрислам Әлихан («Ордабасы»), Андрей Беляев («Астана»), Әлихан Рамазанов, Мәди Мұқашев, Мансұр Авасханов (бәрі – «Қайрат»), Акбар Сәденов («Ақтөбе»), Данил Золкин («Шахтер»), Ерасыл Сәрсенбай («Джейран»), Егор Иманаков («Ертіс»),
Жартылай қорғаушылар: Арда Ақжан («Ордабасы»), Ернұр Сайлауов («Ертіс»), Ислам Рақым, Дамир Юсупбеков (екеуі де – «Қайрат»), Расул Акимов («Шахтер»), Алан Луканин («Жас Қыран»),
Шабуылшылар: Мағзум Жоламан («Каспий»), Александр Яковлев («Шахтер»), Амандық Хамидуллин («Астана»), Мадияр Есен («Ертіс»), Әділбек Турдах, Абдуллах Бегалы, Абылай Жылқайдар (екеуі де – «Қайрат»),
Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға бапкер, Асхат Құсайынов – аға бапкердің көмекшісі, Әсет Айтмағанбетов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар бапкері, Станислав Ведлер – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер.
Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өтетін матчтар күнтізбесі:
- 13.04.2025 | 16:00 | Беларусь – Қазақстан
- 15.04.2025 | 13:00 | Қытай – Қазақстан
- 18.04.2025 | 13:00 | Қазақстан – Ресей
