10.04.2025
Роберт Левандовски ерекше жетістік орнатты

«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски 2024/2025 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалының алғашқы матчында дортмундтық «Боруссияға» қарсы ойында дубль жасап, каталониялық клубқа 4:0 есебімен ірі жеңіс сыйлады. Осылайша, 36 жастағы польшалық сұрмерген Еурокубоктардың басты турнирінде бұрын-соңды ешкімге бағынбаған ерекше жетістікке қол жеткізді.
Левандовски Чемпиондар лигасы тарихында бір маусымда үш түрлі команда — дортмундтық «Боруссия», мюнхендік «Бавария» және «Барселона» сапында 10 голдан астам соққан алғашқы футболшы атанды.
Жалпы алғанда, Левандовскидің Чемпиондар лигасындағы голдар саны — 105. Ол бұл турнир тарихындағы ең көп гол соққан үшінші ойыншы. Алдыңғы орындарда Криштиану Роналду (140 гол) мен Лионель Месси (129 гол) тұр.
