10.04.2025
Александр Бразевич «Қызылжар» бас бапкері қызметінен кетті ме?

Фото: «Қызылжар» футбол клубы
Әлеуметтік желі беттерінде «Қызылжар» командасының бас бапкері Александр Бразевич қызметінен кеткені жөнінде ақпарат тарап жатыр.
Қазірге дейін петропавлдық команда бірде-бір мәрте жеңіске жеткен жоқ. Екі мәрте тең түссе, екеуінде қарсыласына есе жіберді. Турнир кестесінде небәрі екі ұпаймен он бірінші орынды місе тұтып тұр.
Бас бапкердің міндетін уақытша Юрий Чухлеба атқарады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қызылжар» командаға жаңа бас бапкер тағайындалатыны жөнінде ақпаратты жоққа шығарған еді.
Айта кетсек, әлеуметтік желі беттерінде командаға сербиялық Милич Чурчич Петропавлдың «Қызылжар» командасы бас бапкері қызметіне тағайындалуға жақын екені жазылған болатын.
