10.04.2025
Атырауда жаңа стадионның құрылысы басталады

Фото: telegram/AtyrauOnline
Атырау қаласында жаңа әрі заманауи футбол стадионы бой көтереді.
Бұл туралы Atyrau Online Telegram-арнасы хабарлады.
Дереккөзге сүйенсек, кешеннің құрылысы осы айдың соңында, болжам бойынша 25-30 сәуір күндері басталмақ. Жаңа арена 12 мың жанкүйерді құшағына еркін сыйдыра алатын болады.
Стадион 2026 жылдың желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.
