10.04.2025

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» командасы көш бастады

Футболдан бірінші лигада «Ертіс» командасы көш бастады

Фото: kffleague.kz

Футболдан бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 1-туры мәресіне жетті.

Алғашқы турдың екінші ойын күні, 10 сәуірде өскемендік «Алтай» сырт алаңда Шымкенттің «Оңтүстік академия» клубымен кездесті. Бұл матчта өскемендік клуб қарсылас команданы 2:0 есебімен жеңіп, біріншілікті сәтті бастады. 

Былтыр бірінші лигада жанкүйер тарапынан жоғары бағаланған Түркістан облысының «Жетісай» клубы биыл бірінші ойынында жинақы қимыл көрсетті. Олар сырт алаңда «Тараз» командасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір кездесуде Астананың «SD Family» алматылық «Қайрат-2» командасынан 3:0 есебімен жеңсе, алматылық «Хан тәңірі» «Ақтөбе-2» клубынан 2:0 есебімен басым түсті.

Аталған турдың алғашқы ойын күні, 9 сәуірде «Түркістан» өз алаңында қарағандылық «Шахтерге» 1:2 есебімен есе жіберсе, павлодарлық «Ертіс» «Екібастұзды» 4:0, ақтаулық «Каспий» Алматының AKAS клубын 3:1 есебімен жеңді.

Бірінші турдан кейін «Ертіс», «SD Family», «Каспий», «Алтай», «Хан тәңірі», «Шахтер», «Жетісай» үш ұпаймен алғашқы орындарда келеді.

Енді екінші тур ойындары 17 және 18 сәуір күндеріне белгіленген.

Алдағы Чемпиондар лигасына Испаниядан бес клуб қатысады

Футбол 30 минут бұрын

Алдағы Чемпиондар лигасына Испаниядан бес клуб қатысады

Әлем кубогы: Қос гимнастымыз екінші рет финалға шықты

Басқа 59 минут бұрын

Әлем кубогы: Қос гимнастымыз екінші рет финалға шықты

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалында ойнайды

Теннис 1 сағат бұрын

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің жартылай финалында ойнайды

Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін Ресейдегі турнирдің финалына шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Сәкен Бибосынов жарақатынан кейін Ресейдегі турнирдің финалына шықты

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Ресейдегі турнирде Ұлдана Таубай финалға шықты

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қақпашысы кім болады?

Хоккей 2 сағат бұрын

Хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қақпашысы кім болады?