11.04.2025

Мұхаммед Салах «Ливерпульде» қалады

Мұхаммед Салах «Ливерпульде» қалады

Фото: Andrew Powell/Liverpool FC via Getty Images

Мысырлық шабуылшы Мұхаммед Салах «Ливерпульмен» келісімшартын ұзартты.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қос тарап 2027 жылдың жазына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Салах мерсисайдтық клубқа 2017 жылы Италияның «Рома» командасынан ауысып келді. Осы уақыт ішінде 32 жастағы шабуылшы 394 матч өткізіп, 243 гол соғып, әріптестеріне 111 нәтижелі пас берді.

«Қызылдар» сапында Салах жалпы саны 8 трофейге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол «Ливерпульмен» бірге Ағылшын Премьер-лигасы, Чемпиондар лигасы, Англия кубогы мен Суперкубогы, Лига кубогы (2 мәрте), сондай-ақ УЕФА Суперкубогы мен Клубтар арасындағы Әлем чемпионатында топ жарды.

Айта кетейік, нидерланд бапкері Арне Слот баптайтын «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасының биылғы маусымында 31 ойында 73 ұпай жинап, турнир кестесінде көш бастап келеді.

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Футбол

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Теннис

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Бокс

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Жұмысшы мамандықтар жылы: футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы үшін жарыс өтті

Футзал 1 сағат бұрын

Жұмысшы мамандықтар жылы: футзалдан Бекзат Саттарханов кубогы үшін жарыс өтті