11.04.2025
Мұхаммед Салах «Ливерпульде» қанша табыс табады?

Фото: Andrew Powell/Liverpool FC via Getty Images
Бүгін Мұхаммед Салахтың «Ливерпульмен» 2027 жылдың жазына дейін келісімшартты ұзартқаны ресми хабарланды.
Осыған байланысты ағылшындық The Telegraph басылымы Салахтың мерсисайдтық клубта қанша табыс табатынын жариялады.
Дереккөздің мәліметінше, жаңа келісімшартқа сәйкес 32 жастағы шабуылшының «Ливерпульдегі» жылдық жалақысы 20 миллион фунт стерлингті құрайды.
Айта кетейік, Мұхаммед Салах «Ливерпуль» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Осы уақыт ішінде мысырлық ойыншы 394 матчта 243 гол соғып, әріптестеріне 111 нәтижелі пас беріп, 8 трофейге ие болды.
