1 күн бұрын
Максим Самородов гол соққан матчта жарық өшіп қалды

Ресей Премьер-Лигасының 24-туры аясында өткен «Ахмат» пен «Ростов» арасындағы матчта қызықты оқиға тіркелді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ойынның 70-минутында «Ахмат Аренада» кенеттен жарық сөнді. Бас төреші Ян Бобровский бірден ойынды тоқтатты.
Айта кетейік, бірнеше минут бұрын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов гол соғып, командасын алға шығарған болатын. Жаңалық жарияланған сәтте «Ахмат» 2:1 есебімен алда келе жатты. «Ахмат» сапынан тағы бір голды 51-минутта Надер Гандри пенальтиден соқты. Ал «Ростов» құрамында 75-минутта Николай Комличенко есепті қысқартты.
Самородов бұл голымен «Ахмат» сапындағы алтыншы голын соқты. Сондай-ақ екі нәтижелі пас бергенін де атап өткен жөн.
