13.04.2025
Әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобындағы ойындары алдында екі жолдастық кездесу өткізеді.
Қазақстандық хоккейшілер алдымен 15 сәуірде Венгрия, 17 сәуірде Австриямен мұзайдынға шығады.
Венгрияның Секешфехервар қаласында олар 20-26 сәуір аралығында Австрия, Дания, Венгрия, Словения және Украинамен кездеседі.
Аталған турнирдің ойын кестесі:
20 сәуір, 22:30. Словения - Қазақстан
21 сәуір, 22:30. Қазақстан - Венгрия
23 сәуір, 22:30. Қазақстан - Дания
24 сәуір, 19:00. Австрия - Қазақстан
26 сәуір, 22:30. Қазақстан - Украина.
