2 күн бұрын
Максим Самородов «Ростовқа» қарсы ойынды бағалады

«Ахмат» шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының 24-турында «Ростовқа» қарсы өткен (2:1) матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— Агрессияны күшейттік. Бірінші таймда жіберген қателіктерімізді талдадық. Сол қателіктерді екінші таймда түзетуге тырыстық. Өзгерісіміз түпкі нәтиже мен ойынға әсер етті. Әр матчқа деген мақсат пен көзқарас бір — жеңіс. Үш ұпай үшін күресіп, алға жылжу, — деді Самородов.
Айта кетейік, дәл осы кездесуде жеңіс голын Максим Самородов соқты.
