2 күн бұрын

Мохамед Салах АПЛ тарихындағы жаңа рекордты орнатты

Мохамед Салах АПЛ тарихындағы жаңа рекордты орнатты

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах ағылшын премьер-лигасындағы (АПЛ) бір маусымдағы «гол+пас» жүйесі бойынша жаңа рекорд орнатты.

АПЛ-дың 32-турында өткен «Вест Хэмге» қарсы ойында (2:1) египеттік футболшы Луис Диасқа нәтижелі пас берді. Бұл Салахтың маусымдағы 45-ші нәтижелі әрекеті болды. Оның еншісінде 27 гол және 18 ассист бар.

Осылайша, Салах 38 турлық форматтағы бұрынғы рекордты жаңартты. Бұған дейін бұл көрсеткіш Тьерри Анри («Арсенал», 2002/03) мен Эрлинг Холандқа («Манчестер Сити», 2022/23) тиесілі еді.

Барлық турнирлерді қосқанда, Салах биылғы маусымда 46 ойында 55 (32 гол + 23 ассист) ұпай жинаған.

АПЛ-да маусымның аяқталуына 6 тур қалғанда, «Ливерпуль» турнир кестесінде көш бастап тұр. Клуб «Арсеналдан» 13 ұпайға алда.

Екі күн бұрын Мохамед Салах «Ливерпульмен» жаңа екі жылдық келісімшартқа отырды. Ол командаға 2017 жылы «Ромадан» ауысып келген. Осы уақыт ішінде Салах клуб сапында жеті титул жеңіп алды.

The Telegraph басылымының мәліметінше, жаңа келісімшарт бойынша футболшы жылына 20 миллион фунт табыс табады. 32 жастағы форвардтың алдыңғы келісімі 30 маусымда аяқталуы тиіс еді.

Астанада хоккейден халықаралық турнир өтеді

Хоккей 35 минут бұрын

Астанада хоккейден халықаралық турнир өтеді

Қазақстандық самбошылар Азия және Океания чемпионатында 11 жүлде жеңіп алды

Басқа 1 сағат бұрын

Қазақстандық самбошылар Азия және Океания чемпионатында 11 жүлде жеңіп алды

Коротков турнирі: Алғашқы жарыс күнінде ел намысын кімдер қорғайды?

Бокс 2 сағат бұрын

Коротков турнирі: Алғашқы жарыс күнінде ел намысын кімдер қорғайды?

«Жібек жолы» турнирі: Бүгін алты боксшымыз алтынға таласады

Бокс 3 сағат бұрын

«Жібек жолы» турнирі: Бүгін алты боксшымыз алтынға таласады

Қазақстандық мерген халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

Басқа 3 сағат бұрын

Қазақстандық мерген халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Футбол 13 сағат бұрын

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды