2 күн бұрын
Милич Чурчич «Қызылжардың» тізгінін ұстады

Фото: inbusiness.kz
Серб маманы Милич Чурчич «Қызылжар» футбол клубының жаңа бас бапкері атанды.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Милич Чурчич 2023 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың маусымына дейін «Тобол» футбол клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 2023 жылы Қазақстан Кубогын, ал 2024 жылы Суперкубокты жеңіп алды.
Сондай-ақ, Чурчич ассистент және бас бапкер ретінде әртүрлі клубтар мен құрамаларда жұмыс істеген. Атап айтқанда, «Атырау», Сербияның «Пролетер», Иранның «Зоб Ахан» клубтары, Ливанның жастар құрамасы және Беларусь чемпионы атанған «Шахтёр» (Солигорск) клубы бар.
Бапкерлік штабқа сербиялық жастар және ұлттық құрамалармен жұмыс істеген Иван Евич, сондай-ақ физикалық дайындық бойынша тәжірибелі маман Евгений Кресик кірді.
