1 күн бұрын

«Ливерпуль» жұлдыздары NIS футболшыларын қолдады

«Ливерпуль» жұлдыздары NIS футболшыларын қолдады

Премьер-Лигада чемпиондық титулға өте жақын тұрған әрі әлемдік футбол тарихындағы ең титулды клубтардың бірі – ағылшындық «Ливерпуль» футбол клубы Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне арнайы сертификат жолдады.

Бұл шабыттандыратын оқиғаның бастамашылары – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS оқушылары Айсұлтан Аманғос пен Нарбол Қасымхан. Олар оқу жылы бойы атақты футбол құрамасымен хат алмасып, мектептің спорттық жетістіктері мен NIS-тің бастамалары туралы бөлісіп отырды.

Жауап ретінде «Ливерпуль» ФК жас футболшыларға алғыстарын жеткізіп, команданың негізгі ойыншылары қол қойған ресми сертификат жолдады.

– Көптеген оқушыларымыз кәсіби футболшы болуды армандайды. Ал бұл сертификат өзімізге деген сенімімізді одан сайын арттырады. Олардың жігерлендіретін сөздері бізді алға жылжуға, жаттығуға және жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырады. Бұл көп еңбектенген адам кез келген арманға қол жеткізе алатынын еске салады, – дейді Айсұлтан Аманғос.

Енді аңызға айналған Cafu қолтаңбасымен бірге NIS қоржынында халықаралық атағы бар символдардың бірі – Ливерпуль сертификаты бар.

Айта кетейік, Англияның 19 дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасының 6 дүркін жеңімпазы және басқа да көптеген халықаралық және ұлттық атағы бар «Ливерпуль» футбол клубы өзінің назары мен қолдауымен бүкіл әлем бойынша жас спортшыларды шабыттандырып келеді.


Килиан Мбаппеге қатысты төрешілер шешімі шықты

Футбол 2 сағат бұрын

Килиан Мбаппеге қатысты төрешілер шешімі шықты

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін жалғастырады

Футбол 2 сағат бұрын

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін жалғастырады

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Хоккей 2 сағат бұрын

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Жанкүйерлер Қазақстан футолындағы ойын сәттеріне қатысты мәлемдемемен таныса аалады 

Футбол 2 сағат бұрын

Жанкүйерлер Қазақстан футолындағы ойын сәттеріне қатысты мәлемдемемен таныса аалады 

Қазақстан кубогының фавориті кім?

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан кубогының фавориті кім?

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді 

Хоккей 6 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді