1 күн бұрын

Телекөрселімдегі қателіктер: Қазақ футболының «қызығы» таусылар емес

Телекөрселімдегі қателіктер: Қазақ футболының «қызығы» таусылар емес

Фото. fckairat.com

Қазір елімізде доп додасы қыза бастады. Біріншіліктің төрт туры мен кубоктың 1/8 финалдық ойындары өтті. Рас, кейінгі жылдары Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жанкүйерлер әрбір кездесуден тікелей көрсетілімді тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл көпшілік тарапынан оң бағасын алып отыр. Өйткені, жанкүйерлер сырт алаңдағы өз командасының ойынын көруіне жол ашылды. Десе де былтыр оның сапасына байланысты сын айтылған еді. Биыл да телекөрсетілімді ұйымдастырушылар тарапынан көптеген келеңсіздік байқалады.

Биыл бұл міндетті «BAS Production» компаниясы өз мойнына алып отыр. Онда негізінен қазақстандық мамандар қызмет атқарады. Былтыр телекөрселімнен әбден ауызы күйген жанкүйерлер өзіміздің мамандар барлығын реттейтін шығар деп үміттенген еді. Дегенмен олардың тарапынан өрескел қателіктерге жол беріліп отыр.

Көзіқарақты көрермен 12-13 сәуір күндері өткен Қазақстан кубогының 1/8 финалдық кезеңінде осындай кемшіліктерді байқап қалды. Ойын басталардан бұрын футболшылар құрамын таныстыруда олардың фамилиясы орысша жазылғаны көзге көрініп тұрды. Сонда Қазақстан футбол федерациясы қай елдің біріншілігін өткізіп жүр? Қалай десек те, қазақ футболы қазақ тілінде сөйлеп тұруы керек емес пе? Федерация басшылығы мен телекөрсетілімді неге қадағалап отырмайды? Әлде оны көрсетіп жатырмыз ғой деген немқұрайдылық па?

Сондай-ақ кубок өтіп жатқан тұста не себепті стадиондағы жазуларда ҚПЛ деп жазылып тұрғанын түсіне алмай қалдық. Оны кім түзетеді?

Жауапты маман қайда? Бұл жағдай біріншілік басталған тұста көпшілік тарапынан көтерілген болатын. Содан кейін біршама түзелгендей болды. Алайда қайтадан баяғы таз кепешін қайта киіп жатқан жайы бар. Тағы бір қызық жағдайды көзіміз шалып қалды. Телекөрсетілімде «Қызылжар» футболының «бас бапкер ИО» деген жазуды кім түсіндіріп бере алады екен? 

Сондай-ақ «Қызылжар» мен «Қайсар» кездесуінде қызылордалық команданың негізгі құрамы қазақша жазылып, қосалқы құрамы қайтадан орысша берілді. Әлде телекөрселімді ұйымдастырушылар «қос тіл – қос қанатың» деген нақылды қатаң ұстана ма?

Осындай келеңсіз көрініске ашынған жанкүйерлердің бірі әлеуметтік желіде «Былтыр істеген ресейліктердің өзі трансляциядағы қазақ тілін реттеп кетіп еді, шіркін» деген пікірін білдірді.

Рас, федерацияда қазақ тілінің жанашыры болып жүрген жігіттер бар. Сондықтан алдағы уақытта сол азаматтар бас-көз болмаса жыл соңына дейін телекөрсетілім бойынша талай «қызықты» тамашалайтын түріміз бар.

Әділжан Үмбет. 


Килиан Мбаппеге қатысты төрешілер шешімі шықты

Футбол 2 сағат бұрын

Килиан Мбаппеге қатысты төрешілер шешімі шықты

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін жалғастырады

Футбол 2 сағат бұрын

Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін жалғастырады

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Хоккей 2 сағат бұрын

«Арлан» - хоккейден 2025 жылғы Қазақстан чемпионы

Жанкүйерлер Қазақстан футолындағы ойын сәттеріне қатысты мәлемдемемен таныса аалады 

Футбол 2 сағат бұрын

Жанкүйерлер Қазақстан футолындағы ойын сәттеріне қатысты мәлемдемемен таныса аалады 

Қазақстан кубогының фавориті кім?

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан кубогының фавориті кім?

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді 

Хоккей 5 сағат бұрын

Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді