1 күн бұрын
Ресми: Евгений Макаренко «Ордабасы» футбол клубымен қош айтысты

Фото: KazFootball.kz.
Бұл жөнінде шымкенттік клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.
Евгений Макаренко командаға 2023 жылы қосылды. жартылай қорғаныста ойнайтын украиналық футболшы содан бері 30 кездесуде 2 голдың авторы атанды.
Өз мансабында ол Украинаның «Динамо» (Киев), «Говерла», Бельгияның «Кортрейк», «Андерлехт», Венгрияның «Фехервар» клубтарында доп тепті.
Әлеуметтік желі беттерінде оның шымкенттік клубта ең жоғары жалақы алатын футболшы ретінде айтылған еді.
