2 күн бұрын

Заңсыз көлікті иемденген: «Қайраттың» бұрынғы бапкерінің басы дауға қалды

Заңсыз көлікті иемденген: «Қайраттың» бұрынғы бапкерінің басы дауға қалды

Фото: «Қайрат» ФК

Ресейлік банк алматылық «Қайрат» клубының бұрынғы бас бапкері Александр Кержаковтың көлігін тартып алмақ.

«Зенит» банкі Кержаковтың иелігіндегі Audi Q3 маркалы көлікті өндіріп алғысы келеді. Бұл көлік бастапқыда Ресей азаматы Сергей Петуховқа тиесілі болған. Ол көлікті сатып алу үшін аталған банктен 1,5 миллион рубль көлемінде несие алып, оны кепілге қойған. Алайда несиені өтей алмай, банктің алдындағы берешегі 6,7 миллион рубльге дейін өскен. Соған қарамастан, Петухов банкті ескертпестен көлікті Кержаковқа сатып жіберген.

Осыған байланысты айыптаушы сотқа жүгініп, көлікті тәркілеп, оны ашық саудаға шығаруды сұрап отыр. Сонымен қатар, Кержаковтан 30 мың рубль көлеміндегі мемлекеттік салықты өтеуді талап етуде.

Айта кетейік, Ресей құрамасының бұрынғы шабуылшысы Александр Кержаков 2024 жылдың мамыр айында «Қайрат» клубының тізгінін ұстап, қыркүйек айында қызметінен кеткен болатын.

Абиба Әбужақынова: Мені ең көп шабыттандыратын нәрсе – жағымсыз пікірлер

Дзюдо 11 минут бұрын

Абиба Әбужақынова: Мені ең көп шабыттандыратын нәрсе – жағымсыз пікірлер

Александр Бублик Германиядағы турнирдің алғашқы айналымынан аса алмады

Теннис 17 минут бұрын

Александр Бублик Германиядағы турнирдің алғашқы айналымынан аса алмады

Хамза Шираздың қай салмаққа ауысатындығы белгілі болды

Бокс 34 минут бұрын

Хамза Шираздың қай салмаққа ауысатындығы белгілі болды

The Ring: Александр Усик шілдеде рингке оралады

Бокс 60 минут бұрын

The Ring: Александр Усик шілдеде рингке оралады

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойында кімдер қазылық етеді?

Футбол 1 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойында кімдер қазылық етеді?

Чемпиондар лигасының матчында қызық жайт тіркелді

Футбол 2 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының матчында қызық жайт тіркелді