2 күн бұрын

Хоккейден Қазақстан құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Хоккейден Қазақстан құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Астана қаласында 1-3 мамыр аралығында халықаралық Qazaqstan Hockey Open турниріне қатысады. 

Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.

Халықаралық турнирге еліміздің құрамасынан өзге Беларусь пен Ресей келеді. Қатысушылар топтық жүйе бойынша сайысқа түседі. Көп ұпай жинаған құрама турнирдің жеңімпазы атанады. 

Ойындар кестесі:

1 мамыр. 17:00. Қазақстан - Ресей

2 мамыр. 18:00. Ресей - Беларусь

3 мамыр. 17:00. Қазақстан - Беларусь.

Бұл ұлттық құраманың 2025 жылғы әлем чемпионаты алдындағы дайындығы аясында өткізіледі. 

Қазақстандық хоккейшілер В тобында ойнайды. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Венгрия. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Ал Швецияның Стокгольм қаласында болатын А тобында Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения шеберлік байқасады. 

Әлем чемпионаты Дания және Швеция мемлекеттерінде өткізіледі. 

Абиба Әбужақынова: Мені ең көп шабыттандыратын нәрсе – жағымсыз пікірлер

Дзюдо 14 минут бұрын

Абиба Әбужақынова: Мені ең көп шабыттандыратын нәрсе – жағымсыз пікірлер

Александр Бублик Германиядағы турнирдің алғашқы айналымынан аса алмады

Теннис 20 минут бұрын

Александр Бублик Германиядағы турнирдің алғашқы айналымынан аса алмады

Хамза Шираздың қай салмаққа ауысатындығы белгілі болды

Бокс 37 минут бұрын

Хамза Шираздың қай салмаққа ауысатындығы белгілі болды

The Ring: Александр Усик шілдеде рингке оралады

Бокс 1 сағат бұрын

The Ring: Александр Усик шілдеде рингке оралады

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойында кімдер қазылық етеді?

Футбол 1 сағат бұрын

ҚПЛ: «Қайрат» пен «Атырау» арасындағы ойында кімдер қазылық етеді?

Чемпиондар лигасының матчында қызық жайт тіркелді

Футбол 2 сағат бұрын

Чемпиондар лигасының матчында қызық жайт тіркелді