2 күн бұрын
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Фото: «Қайсар» футбол клубы
Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші туры аяқталды.
Биыл ел біріншілігіне 14 команда қатысады. Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Ел біріншілігінде биыл «Атырау», «Жетісу» (Талдықорған), «Астана», «Елімай» (Семей), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл), «Ақтөбе», «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайрат» (Алматы), «Томирис-Тұран» (Түркістан), «Оқжетпес» (Көкшетау), «БИІК» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) және «Жеңіс» (Астана) сынға түседі.
Алғашқы турдың нәтижесі төмендегіше:
«Жетісу» - «Қайсар» 2:3
БИИК - Қызылжар 9:0
«Астана» - «Ақтөбе» 0:6
«Ұлытау» - «Қайрат» 0:2
«Елімай» - «Тұран» 1:1
«Оқжетпес» - «Атырау» 1:7
«Тобыл» - «Жеңіс» 3:1
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.
