1 күн бұрын

Ақылбек Досжанов: Қазақстанда көптеген стадион телекөрсетілім талабына сай келмейді

Ақылбек Досжанов: Қазақстанда көптеген стадион телекөрсетілім талабына сай келмейді

Фото: laminarts.ru

Қазақстандық жанкүйерлер Қазақстан футболындағы телекөрсетілім жайында сыни пікірлер айтылып жүр. Осыған орай оған жауапты «BAS Production» компаниясының басшысы Ақылбек Ілияұлы Досжанов Sport12kz ақпарат агенттігіне мәселенің мән-жайын түсіндіріп берді.

- Біз биылдан бастап Қазақстан футболының телекөрсетілімін жасауға мүмкіндік алдық. Оның ішінде Премьер-лига, бірінші және екінші, әйелдер лигасы бар. Шындығы керек, қиындықтар әлі де көп. Көптеген стадионда біздің түсіруімізге кедергі келтіретін жағдайлар жоқ емес. Оған байланысты стадиондардың дайындығы өте нашар. Екіншіден, онда интернет сапасы өте төмен. Көрермендер жиі байқап қалған телекөрсетілім барысында үзіліп кету және тоқтап қалу жағдайлары осындай келеңсіз көріністен туындайды. Кейбір кезде стадионның бізге берген интернеті мүлдем талапқа сай келмейді. Байқағанымыз, көптеген қалада жанкүйерлердің футболға деген қызығушылығы төмен. Кейбір азаматтары оны YouTube арнасынан көруге тырысады. Олардың стадионға барып өз командасын қолдамауы қынжыларлық. Егер стадион толық болса, ол телекөрсетілімге де ерекше әсерін тигізетін еді. Сол сәтте басқаша картина көзге көрінеді. Бұл жөнінен «Астана-аренаны» ерекшелеп айтуға болады. Одан кейінгі орындарға Алматыдағы «Орталық стадион», «Түркістан-арена», «Тобыл-аренаны айтуға болады. Қалған стадиондар өте нашар. Ең соңынан санайтын болсақ, бұл жөнінен «Ұлытау» мен «Атырау» стадиондары айтамыз. Шамамен стадиондардың тоқсан пайызға жуығы талапқа сай келмейді. Біреуінде бір нәрсе жетіспесе, екіншісінде тағы біреуін іздеуге тура келеді. Мәселен, бірінде интернет дұрыс жұмыс істеп тұрса, ендігі бірінде стадионның жағдайы нашар екені аңғарылады. Оны айта берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл мәселелер тиісті орындарда айтылып келеді. Уақыт өте келе бәрі орнына түседі деген ойдамын, - деді Ақылбек Досжанов.

Ақылбек Досжанов келесі кезекте телекөрселім барысында қазақ тілінің жағдайы жөнінде ой қозғады. Оған қатысты талаптарды орындау басты міндет екенін атап өтті.

- Бұл орайда айта кететін нәрсе бар. Әзірге маусымның басы екенін ескерейік. Статистикалық компаниялармен келіссөз жүргізілуде. Сондықтан Әрбір компания тестілік режим жасап жатыр. Олардың берген кейбір статистикасы, берілген графика арасында кетіп жатқан қателер бар. Кейбір кезде біз оны қолмен толтырамыз. Бұл сәтте қателіктер кетіп жатыр. Мәселен, «Қызылжар» мен «Қайсардың» кездесуінде қызылордалық клубтың құрамын таныстыруда қосалқы ойыншылар тізімі орысша жазылып кеткен. Өйткені, берілген уақыт өте тығыз. Сондықтан командалардың барлығын қолмен жазып, ойыншылардың қай орында тұратын көрсетіп, эфирге шығару өте қиын. Әлі тестілік режим екенін ұмытпайық. Қазақстан футбол федерациясы статистикалық компаниямен әзірге қол қойып үлгерген жоқ. Бір-екі күннің беделінде ол шешіледі. Сол кезде ол мәселе орнына келеді. Оны автоматты түрде ауыстырудың қиындығы жоқ. Егер әрі қарайй қолмен толтыратын болсақ, ол уақытта протокол таза қазақша келуі тиіс. Себебі, графикамен жұмыс істейтін видеоинженерлер протокол қалай келеді, солай өткізуге мәжбүр. Олар қате жөндеп отырмайды. Ол біздің міндетіміз емес. Біз егер біреудің фамилиясын дұрыс жазбай, орысшаны қазақша аударамыз деп опық жеп қалуымыз мүмкін.  
Қайталап айтып өтейін, әзірге тестілік режим болып жатыр. Біздің қай компаниямен жұмыс жасайтынымыз белгісіз. Сондықтан қолмен толтырылғанда бас бапкердің міндетін атқаруш Юрий Чухлеба дегенді жазғанда ИО деп көрсетілген. Ол адами қате екенін жасыра алмаймыз. Ол асыққанда жіберіледі. Оны мойындаймыз. Жалпы, қатеге тіреліп қалып жатқан ештеңе жоқ. Қазір сапаға байланысты біраз мәселе реттелді. Графика реттелді, қайталау дұрыс жасалып жатыр. Сондықтан әрбір кішкентай нәрсеге үңіле берудің қажет жоқ деп ойлаймын. Ол уақыты келгенде түзеледі, - деді ол. 

Сондай-ақ компания басшысы интернет мәселесінен өзге де проблемалар жоқ емес екенін атап өтті. Мәселен, Алматының қақ ортасында электр қуатының да өшіп қалу жағдайы кездескен.

- Қатты жауын немесе жел болған сәтте интернеттің жылдамдығы азаюы мүмкін. Көпшілікке YouTube арнасы қолжетімді болғандықтан телекөрсетілімді сол жақта да ұйымдастырамыз. Кейбір уақытта интернеттің нашарлығы байқалады. Өзінен өзі жоқ болып кету жағдайы кездеседі. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл бағытта барлығымыз бірігіп жұмыс істегеніміз артық емес. Ол өз жемісін берген жағдайда барлығы дұрысталады. Мәселен, Көкшетаудың «Оқжетпес» стадионында біз интернетті 300 метр қашықтықтан тартуып отырмыз. Ол жүйені жермен алып келіп жатырмыз. Оны біреу аяғымен басып кеткен жағдайда интернеттің жоқ болып кету жағдайы кездеседі. Айналып келгенде, оған кінәлі ретінде телекөрсетілімге жауапты біздің кмпания жауапты болып шығады. Интернет қатып қалмақ түгілі жоқ болып кетіп жатады. Сондықтан осындай жағдайлар болмас үшін әрбір стадион мықты интернет қойып, барлық жағдайды жасауы тиіс. Бірінші және екінші лигадағы кейбір ойындарда мұндай кемшіліктер кездеспейді. Олардың кейбірінде Қазақстан Премьер-лигасынан да жылдам интернет берілді. Мәселен, «Мақтарал» командасы оған қатысты екі интернет жүйесін дайындап қойған. Бұл кейбір азаматтардың жауапкершілігіне байланысты деп ойлаймын, - деді Ақылбек Досжанов.

Ол алға қойған жоспар өте көп екеніне тоқталды. Олардың барлығын бір қалыпқа келтіруге назар аударылады.

- Қателікпен жұмыс істеп келеміз. Кубокта да кемшіліктер көп кездескен жоқ. Сондықтан бесінші турда мүлдем қателікке жол бермейміз деген ойдамын. Шыны керек, бәрі дайындалып отырған сәтте кейбір нәрселер жоспарды бұзып жібереді. Атап айтқанда, Көкшетауда 15 минут интернет болмай қалды. Оған кінәліні табу қиын. Біреу интернетті сөндіре салды. Мұндай жағдайдың бәріне жауап бере алмаймыз ғой. Сондай-ақ Қостанайда үш тур бойы телекөрсетілім жақсы түсірілді. Төртінші турда онда интернет өзінен өзі жоқ болып кетті. Ешкім табылған да жоқ. Жауапкершілік алған ешкім көрінбеді. Бес минуттан кейін қайтадан қосылды. Айтарымыз, бәріміз бұл бағытта бірігіп жұмыс жасайық. Интернет мәселесін үлкен қаражат бөлсе де дұрыс жолға қою керек. Телекөрсетілімді дұрыс реттесек, одан кейін оның жарнамасын жасау секілді жұмыстар бар. Болашақта барлығы орнына келеді деген ойдамын. Аздаған кемшілікке көпшіліктің түсіністікпен қарауын сұраймын. Жанкүйерлерді стадионға шақырамын. Әркім өзіне мейрам ұйымдастыра алады. Сол кезде футбол жөнделеді. Жанкүйердің қызығушылығы жоқ стадионды әдемілеуге көңіл тола бермейді. Стадионда жанкүйерлер лық толы болып отырса, әрбір істі халық болып жасай аламыз. Тағы қоса айтарым, бірінші және екінші, әйелдер лигаларында бұрынғыдай бір-екі камерамен түсірмейміз. Бірінші лигада кемі алты, екінші лигада бес камера қойып жатырмыз. Ал әйелдер лигасында алты-жеті камерамен түсіреміз. Біз олардың техникалық регламентін көтердік. Халықтың қзі бірінші және екінші лига көрсетілімінін сапасы өзгерді деп халықтың өзі айтып жатыр, - деді Ақылбек Досжанов.

Суреттер YouTube, el.kz, sports.kz сайттарынан алынды

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Футбол

Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері жаңа қызметке тағайындалды

Футболдан Қазақстан кубогы биыл Қызылордада өтеді

Футбол 2 сағат бұрын

Футболдан Қазақстан кубогы биыл Қызылордада өтеді

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында төртінші голын соқты

Футбол 2 сағат бұрын

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапында төртінші голын соқты

Облыстар антирекорды: VI Қысқы Спартакиада қалай өтті?

Басқа 5 сағат бұрын

Облыстар антирекорды: VI Қысқы Спартакиада қалай өтті?

Григорий Бабаян: Ұлттық құраманы жаттықтыру — арманым, бірақ әлі уақытым келген жоқ

Футбол 5 сағат бұрын

Григорий Бабаян: Ұлттық құраманы жаттықтыру — арманым, бірақ әлі уақытым келген жоқ

Ұлттық спортты дамытуға қанша қаражат бөлінген?

Басқа 6 сағат бұрын

Ұлттық спортты дамытуға қанша қаражат бөлінген?