1 күн бұрын
Өзбекстандық төрешілер Әлем чемпионатында қызмет етеді

Өзбекстандық төрешілер АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы Әлем чемпионатында қызмет атқарады.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) ресми ақпаратына сәйкес, Ильгиз Танташев жаһандық доданың бас төрешілері қатарына қосылды.
Жарыс барысында Танташевке екі отандасы Тимур Гайнуллин мен Андрей Цапенко көмектеседі.
Айта кетейік, клубтар арасындағы Әлем чемпионаты 14 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді.
