6 сағат бұрын
Али Алиев Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін жалғастырады

Sport12.kz порталы «Серый CARDINAL» Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев ұлттық құраманың тізгінін ұстауын жалғастыратынын хабарлайды.
Telegram-арнаның мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы Али Алиевтің ұлттық құрамадағы қызметін жалғастыруына қатысты оң шешім қабылдаған. Осылайша, отандық маман 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алдағы ойындарға дайындықты жалғастырады.
Еске салайық, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде екі сырт алаңындағы матчын өткізіп үлгерді. Келесі кездесу 9 маусым күні Астанада өтеді. Біздің ұжым Солтүстік Македония құрамасымен кездеседі.
