2 күн бұрын

Григорий Бабаян: Ұлттық құраманы жаттықтыру — арманым, бірақ әлі уақытым келген жоқ

Григорий Бабаян: Ұлттық құраманы жаттықтыру — арманым, бірақ әлі уақытым келген жоқ

«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян ұлттық құрамадағы жұмыс туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

— Иә, ойландым. Бірақ менің уақытым әлі келген жоқ. Бұл туралы бұрын да айтқанмын. Менде жеткілікті тәжірибе жоқ деп есептеймін, — деді Бабаян. — Көп адам таңғалып сұрайды: «Сіз көп жылдан бері бас бапкерсіз, Еуропада да тәжірибеңіз бар ғой». Бірақ бұл жерде маңыздысы — ішкі дайындық. Жылдар өте келе ғана ойыншылармен қалай дұрыс жұмыс істеу керектігін, түрлі жағдайларда өзіңді қалай ұстау қажеттігін түсіне бастайсың. Ал ұлттық құраманы басқару үшін сол барлық жағдайлардан өтіп, толық дайын болу қажет. Бұл — менің арманым.

Григорий Бабаянның футболдағы екі арманы бар екендігін айтты

  • Жақын жылдары «Астанамен» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шығу.
  • Болашақта, егер ұсыныс түссе, Қазақстан құрамасымен Еуропа чемпионаты немесе Әлем чемпионаты секілді ірі турнирге жолдама алу.

— Бұл үшін өте көп еңбектену керек. Егер дайындықсыз барсаң — нәтиже болмайды, — деп түйіндеді Бабаян YouTube-тағы «Футбол Жолы» арнасына берген сұхбатында.

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Футбол

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Теннис

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Бокс

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Ксения Баталова - Ташкенттегі әлем кубогының күміс жүлдегері

Басқа 5 сағат бұрын

Ксения Баталова - Ташкенттегі әлем кубогының күміс жүлдегері