2 күн бұрын

Футболдан Қазақстан кубогы биыл Қызылордада өтеді

Футболдан Қазақстан кубогы биыл Қызылордада өтеді

Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Футболдан Қазақстан кубогының финалы биыл Қызылорданың жаңа стадионында өтеді.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Қазірге дейін аталған турнирдің 1/4 финалдық кезеңіне жеткен командалар анықталды. Енді 14 мамырда «Жеңіс» (Астана) пен «Астана», «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайрат» (Алматы), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Елімай» (Семей) командалары кездеседі.

Биыл қазақстан кубогына Премьер-лига, бірінші және екінші лигадан барлығы 30 команда қатысты. Алдымен бірінші және екінші лига командалары алғашқы іріктеу кезеңін өткізді. Олардың арасынан іркілмей шыққан екі клуб 1/8 финалда Премьер-лига командалары қатарына қосылды. 

Жеңімпаз 2026 жылы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады. 

Айта кетесек, 2024 жылы «Ақтөбе» Қазақстан кубогының иегері атанды. 

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Футбол

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Теннис

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Бокс 31 минут бұрын

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Ксения Баталова - Ташкенттегі әлем кубогының күміс жүлдегері

Басқа 7 сағат бұрын

Ксения Баталова - Ташкенттегі әлем кубогының күміс жүлдегері