2 күн бұрын

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

Чемпиондар лигасының жартылай финалдық жұптары анықталды

Фото: instagram/championsleague

Сәуірдің 16-нан 17-не қараған түні UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалындағы қарымта кездесулер аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт команда белгілі болды.

Бұл ойын күнінде Лондонның «Арсеналы» мен Миланның «Интері» өз қарсыластарынан басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Миландағы шайқас: «Интер» – «Бавария»

Милан қаласында өткен қарымта кездесуде жергілікті «Интер» мюнхендік «Баварияны» қабылдады. Қонақтар сапынан 52-минутта Харри Кейн есеп ашып, неміс жанкүйерлерін қуантқан еді. Алайда көп ұзамай алаң иелері қос голмен жауап қатты: 58-минутта Лаутаро Мартинес таразы басын теңестірсе, 61-минутта Бенжамен Павар «Интерді» алға шығарды. 76-минутта Эрик Дайер таразы басын теңестіріп, матч интригасын қайта жандандырғанымен, италиялық ұжым жеңісті есепті сақтап қала алды.

Алғашқы кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жеткен «Интер» қос кездесу қорытындысы бойынша 4:3 есебімен жартылай финалға жолдама алды.

«Арсенал» Мадрид төрінде жеңіске жетті

Қатар өткен Мадридтегі ойында лондондық «Арсенал» «Сантьяго Бернабеу» стадионында жергілікті «Реал Мадридпен» кездесті. Тартысты өткен ойынның 65-минутында Букайо Сака есеп ашып, қонақтарды алға шығарды. Бұл голдан кейін көп ұзамай, 67-минутта Винисиус Жуниор таразы басын теңестіріп, матчты шиеленістіре түсті. Алайда «Арсенал» шабуылдарын тоқтатпады. Матчтың 90+3 минутында Габриэль Мартинелли мергендік танытып, ойынның нүктесін қойды.

Алғашқы ойында 3:0 есебімен айқын басымдық көрсеткен Микел Артета шәкірттері бұл жолы да 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға сенімді түрде шықты.

Енді турнирдің жартылай финалында «Интер» «Барселонамен» кездессе, «Арсенал» ПСЖ-мен кім мықтыны анықтайды.

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Футбол

Дарко Зорич: Қазақстан Премьер-лигасының деңгейі түсіп кеткен

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Теннис 4 минут бұрын

Жібек Құламбаева Испаниядағы турнирдің финалына шықты

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Бокс 2 сағат бұрын

Коротков турнирі: Алты боксшымыз алтынға таласады

Ксения Баталова - Ташкенттегі әлем кубогының күміс жүлдегері

Басқа 8 сағат бұрын

Ксения Баталова - Ташкенттегі әлем кубогының күміс жүлдегері