2 күн бұрын

Рафаэль Оразбахтин: Чемпиондық команданың бұлай ойнауға хақысы жоқ

Рафаэль Оразбахтин: Чемпиондық команданың бұлай ойнауға хақысы жоқ

Фото: «Қайрат» ФК

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Рафаэль Оразбахтин «Атырауға» қарсы ойында ірі есеппен жеңіске жеткенімен, командасының ойынына көңілі толмағанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.

– Ойын алдында қойған жоспарды алғашқы 10-15 минуттың ішінде орындап тастадық. Есеп 2:0-ге жеткенде команда босаңсып қалды. Матч соңына қарай қарсыластарымыз біздің қақпаға бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Ойыннан кейін жігіттерге чемпиондық деңгейдегі команданың бұлай ойнауға хақысы жоқ екенін ескерттім. Біз өз деңгейімізді үнемі ұстап отыруымыз керек. Алдағы уақытта мұндай оқылықтар қайталанбайды деп үміттенемін, – деді Рафаэль Оразбахтин.

Еске салсақ, алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында өткен кейінге шегерілген матчта «Атырауды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесуде алаң иелері сапынан Дастан Сәтпаев, Еркін Тапалов, Александр Мартынович және Жоржиньо мергендігімен көзге түсті.

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Бокс

Елдос Сайдалин: бокстан Үндістанның адалдығына күмәнмен қараймын

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Дзюдо

Елдос Жұмақанов: дзюдодағы шетелдік маманға күмәнім бар

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Футбол

Ел чемпионатының 5-тур ойындарын қайдан көреміз?

Сергей Ковалев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады

Бокс

Сергей Ковалев кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқтады

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Жеңіл атлетика

Усэйн Болттың рекорды бұзылды

Спорттық гимнастикадағы ерекше жетістік: спортшыларымыз әлем кубогында жүлде алды

Басқа

Спорттық гимнастикадағы ерекше жетістік: спортшыларымыз әлем кубогында жүлде алды