2 күн бұрын
Чемпиондар лигасының жаңа фавориті аталды

UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы қарымта матчтарынан кейін Opta суперкомпьютері турнирдің басты фаворитін анықтады, деп хабарлайды Sport12.kz
Сараптама нәтижесіне сәйкес, ең жоғары жеңіске жету ықтималдығы Лондонның «Арсенал» клубына тиесілі — 28,7%. Ал ең төмен мүмкіндік «Барселонаға» беріліп отыр — 21,8%.
Чемпиондар лигасының жеңімпазы атануы мүмкін клубтар тізімі келесідей:
- «Арсенал» (Англия) — 28,7%
- «Интер» (Италия) — 25,5%
- ПСЖ (Франция) — 24%
- «Барселона» (Испания) — 21,8%
Айта кетейік, қазіргі Чемпиондар лигасының жеңімпазы — мадридтік «Реал». Өткен маусымның финалында «корольдік клуб» дортмундтық «Боруссияны» 2:0 есебімен жеңген.
